Павлодар облысында өмір сүру ұзақтығы артты
Демографиялық көрсеткішерде оң серпін байқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Мұқышева мәлім етті.
Павлодар обласы денсаулық сақтау басқармасы Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмалары бойынша министірлікпен біріге отырып, кешенді жұмыс атқаруда.
– Осы тапсырмаларды іске асыру, облыс тұрғындарының өмір сүру орташа ұзақтығы 72,9 жасқа дейін өсуіне әсер етті.
Ал ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткішінің 10,8 пайызға соның ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан 20,6 %, қатерлі ісіктерден 9%, тыныс алу ағзаларының ауруларының 5% және туберкулезден өлім жітім көрсеткіштері екі есе төмендеді.
– Бірінші, алғашқы көмектің қолжетімділігі арттыру үшін медициналық көмектін 46,9 % мемлекетік амбулаториялық ұйымдар, 53,1% жеке меншік ұйымдар көрсетеді. Яғни, бәсекелестік үшін жеке медицина кеңінен тартылуда,– деді спикер.
Оның сөзінше, денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттік желісінің нормативы былтыр қайта қаралды. Енді елу адамға дейінгі шағын ауылдарға медбике қызмет көрсетеді, ал 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерлерінің саны бірден үш маманға ұлғайды.
– Сондай-ақ, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұлғайды. Төрт жыл бұрын 48 ауру бойынша дәрі-дәрмек берілсе, қазір 126 ауруға дейін тізім кеңейтілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар мен ауыл тұрғындары арасында ауруларды ерте анықтау үшін профилактикалық тексерістер күшейтілді, – деді Айгүл Мұқышева.
Бұдан бөлек, министірлікпен тегін берілетін тізім 78 дәрігерлік препарат енгізіліп жаңартылды. Бүгінде облыста тегін берілетін дәрі-дәрмек тізімінде 140 препарат бар.