Сенбі күні Павлодар облысында жаңбыр жауады
12 тамызда облыстың басым бөлігінде жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Ауа температурасы түнде +10...+15, күндіз +15...+20 градус ыстық болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, күндіз күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +17...+19 градусқа дейін көтеріледі.