Шарбақты ауданында 30-дан астам жылқы айып тұрағына қамалды
Жылқылар қараусыз жайылып жүрген, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 29 мамырда Шарбақты ауылының аумағында бақылаусыз жайылып жүрген малды анықтаған.
– Шарбақты ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері жылқылардың иелерін анықтады. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылған ауданның екі тұрғыны болып шықты, – деді департаментте.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыста мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 583 мал иесі жауапқа тартылды.