31 шілдеде Павлодар облысында өткінші жаңбыр жауады

31 шілдеде Павлодар облысында өткінші жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге дейін жетеді. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +17...+22°C болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауылды жел соғады.

Күндіз аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +32...+37°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +18...+20°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Күндіз ауа температурасы +33...+35°C-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.