11 маусымда Павлодар облысында күн күркіреп, дауыл соғады
Бұршақ жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің ақпараты бойынша, желдің жылдамдығы секундына 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрді құрайды.
Облыс бойынша температура түнде +14...+ 19°C, күндіз + 18...+ 23°C құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы түнде + 16...+18°C, күндіз +20...+ 22°C көрсетеді. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жауын-шашынсыз болады.