Павлодар облысында мамырдың алғашқы аптасы жаңбырлы болады
Аптаның соңына қарай күн жылынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 30 сәуірде түнде +3...+8°С, ал күндіз +8...+13°С болады.
1 мамырда қатты жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +5...+10°С-ты көрсетеді.
2 мамырда да жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде +1...+6, күндіз +10...+15°С болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, ал кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетеді.
3 мамыр күні найзағай күркірейді. Сынап бағанасы түнде +3...+8°С, ал күндіз +10...+15°С-ты көрсетеді.
Сенбіде да жаңбыр жауады. Ауа райы түнде +3...+8°С, ал күндіз +20...+25°С болады.
Жексенбіде жауын-шашын күтіледі. Сынап бағанасы түнде +7...+12°С, ал күндіз +20...+25°С-ты көрсетеді.