13 жыл бойы іздеуде жүрген: Павлодарлық зейнеткер әйел ұсталды
Ол үлкен алаяқтық жасағаны үшін соттан жасырынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел уәкілдер 67 жастағы әйелді ұстады. Кәсіпкер ханым 2006 жылы Алматы қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді ресімдеу бойынша қызметтерді ұсына отырып, әйел адамды 36 миллион теңгеге алдаған.
– Жәбірленуші полицияға жүгінді. Күдікті оны бос уәдемен алдап, 2010 жылы мүлдем жоғалып кетті. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер Екібастұз қаласында күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында. Іздестіру бастамашысына ұсталғаны туралы хабарланды, – деді департаментте.
Ведомствода қылмыстық құқық бұзушыларды іздестіру жұмыстары полиция басшылығының ерекше бақылауында екенін хабарлады.
Айта кетерлігі, тек ағымдағы жылы жедел уәкілдер 126 қылмыскерді іздестірді.