«Saryarqa samaly» газетінің бүгінгі ертеңгі санында: Әкімдердің әлеуеті қандай? Баспана бақыты: «Ертіс жастары» бағдарламасы қашан іске қосылады?

«Saryarqa samaly» газетінің бүгінгі ертеңгі санында:  Әкімдердің әлеуеті қандай?  Баспана бақыты: «Ертіс жастары» бағдарламасы қашан іске қосылады?

@Pavlodarnews.kz «Saryarqa samaly» газетінің 27 сәуір, бейсенбілік нөмірінде жарық көрген негізгі материалдарға аңдатпа ұсынады. 

Бүгінде 130-дан астам ұлтты ұйыстырып отырған Қазақ еліне деген этнобірлестік өкілдерінің айтар алғысы шексіз. «Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес» демекші, қиын-қыстау кезеңде қазақ жерінен пана тапқан ұлттардың ұрпақтары не дейді? Бұл туралы мерекелік айқармадан оқыңыздар.

Елімізде көші-қон саясатын жетілдіру мәселесіне мемлекеттік деңгейде мән берілуде. Бұл ретте, аймақтың көші-қон саласының алғашқы үш айдағы көрсеткіштері қандай? Бөлінген квотаны игеру жағынан қай қала мен аудан жоспарды ойдағыдай орындап, озып келеді? Керісінше, қайсысы қалып қойды? Өңір әкімдерінің әлеуетін салмақтап көрейік... 

«Үйі жоқтың күйі жоқ» демекші, баспана барша жастың бас ауруы болып тұр. Оған қол жеткізу үшін мемлекеттік бағдарламалар қабылданғанымен, одан шыққан нәтиже көңіл көншітпейді. Алайда, павлодарлық үйсіз жастар үміт үзбегендері жөн. Көп кешікпей өңірімізде «Ертіс жастары» бағдарламасы іске қосылып қалуы мүмкін. Оның шарттары қандай? Бұл жөнінде білгіңіз келсе, газетімізден көз жазып қалмаңыз!

Басылымның бейсенбілік нөмірінен, сондай-ақ, соңғы уақытта жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік әрекеттерінің үдеп бара жатқаны, Аққулы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қымбатшылық қысқан қазіргі кезеңде бағаның тұрақсыз болуы жайлы және басқа да қоғамда болып жатқан жаңалықтар мен қызықты мақалалар жарық көреді. Жіберіп алмаңыз!