18 мамырда Павлодар облысында жауын-шашын болмайды
Күндіз ауа температурасы ...+22°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде сынап бағанасы +3...+8°C. Солтүстік пен шығыста 2°C салқын болуы мүмкін. Жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз +17...+22°C жылы болады. Жауын-шашынсыз.
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.
Павлодарда түнде +4...+6°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +19...+21°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжануда.