7 тамызда Павлодар облысында жаңбырлы ауа райы сақталады

7 тамызда Павлодар облысында жаңбырлы ауа райы сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +15...+20°C болады. Облыстың шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз ауа температурасы +24...+29°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.

Павлодар қаласында түнде +15...+17°C болады. Жауын-шашынсыз, найзағай күтіледі.

Күндіз ауа температурасы +26...+28°C болады. Ауа райы ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, найзағай ойнайды.