Павлодарда 11–13 қараша аралығында бірқатар мекенжай сусыз қалады

Павлодарда 11–13 қараша аралығында бірқатар мекенжай сусыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Су құбырларын жөндеу жұмыстарына байланысты қаланың бірнеше көшесінде су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қараша сағат 23:00-ден 12 қараша сағат 8:00-ге дейін екінші көтерілім сорғы станциясындағы коллекторлық ысырманы ауыстыруға байланысты мына мекенжайларда су болмайды:

  • Баймолдин көшесі, 5, 9;
  • Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 204 (8–17-кіреберістер);
  • Жаяу Мұса көшесі, 1 (1–5-кіреберістер);
  • Мұқағали Мақатаев көшесі, 29, 31;
  • Усолка көшесі, 42, 42/3;
  • Алма Әжібаева мен Баймолдин көшелері аралығындағы жеке үйлер: Назарбаев даңғылы, Нұртазин, Репин, Қазанғап би, Байкалдық және Тоқтаров көшелері.

12 қараша сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Казправда және Курская көшелерінің қиылысында су құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Осы уақытта су беру мына аумақтарда тоқтатылады:

  • Курская көшесі – Казправда көшесінен Азов көшесіне дейін;
  • Орловская көшесі;
  • Юнатов көшесі.

13 қараша сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Ломов көшесі, 181/1 мекенжайында су құбырын ауыстыру жоспарланған. Су келесі мекенжайларда болмайды:

  • Ломов көшесі, 181, 181/1, 181/2, 181/3;
  • Равнополь шағын ауданы – Ломов көшесіндегі 183-тен 205-ке дейінгі жеке тұрғын үйлер.

Коммуналдық қызмет өкілдері жөндеу жұмыстары сумен жабдықтау сапасын жақсартуға бағытталғанын хабарлап, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.