Аққулыда мыңнан астам адам тұратын ауылдың көшелері жөнделеді

Аққулыда мыңнан астам адам тұратын ауылдың көшелері жөнделеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шарбақты ауылының ауылішілік жолдары келесі жылы жөнделмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Аққулы ауданының әкімі Руслан Мұқанов ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындыларымен таныстыру барысында баяндады. Әкім биыл Қарақала ауылында «Ауыл –ел бесігі» жобасы іске асырылғанын мәлім етті.

–  Қарақала ауылында 193,1 миллион теңге сомасына ұзындығы 4,5 шақырым құрайтын 4 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деді аудан әкімі.

Сонымен қоса ауылдық «Айгөлек» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Бүгінде дене шынықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары 95 %-ға атқарылды. Мердігермен құрылыс жұмысының баяу қарқынымен іске асырылуына байланысты іс сотқа жіберілді. Материалдар сотта қарастырылуда.

Келесі жылы мыңнан астам тұрғыны бар Шарбақты ауылында ауылішілік жолдаржәне мектепке күрделі жөндеу жасауға жоба құрылып, облыстан бюджет бөлінді. Конкурс жарияланды.