Екібастұз әдеттегі жылу параметрлеріне оралды
Азаматтардың арыз-шағымдары бойынша арнайы комиссия жұмыс істеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз жылу-электр орталығы гидравликалық режим мен температураның қажетті параметрлеріне жетті. Жылу тасымалдағыш температурасы - 75 градус, қайтару температурасы - 55. Бұл туралы жедел штаб отырысында белгілі болды.
Екібастұз қаласы әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, қала тұрғындары тарапынан жылу жоқтығына қатысты түсетін шағымдар азайып келеді.
– Жылыту маусымы басталғалы көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарынан өтініштер түскен болатын. Қазір олардың саны азайды. Жер үйлердің тұрғындарынан бірнеше өтініш қалды. Біз әрбір өтінішке жеке жауап береміз. Жұмыс күнделікті менің және облыс әкімінің бақылауында, — деді Аян Бейсекин.
Ол Екібастұздағы үйлердегі жылу жүйелерінің жұмысына қатысты бірнеше кемшіліктер болғанын айтты.
– Өкінішке орай, көп жағдайда сорғылар заңсыз пайдаланылды, – деді әкім. – Біз әкімдік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және жергілікті полициянің қызметкерлерінен тұратын комиссия құрдық. Комиссиялық тексерулер жүргізіп, нысандардағы кемшіліктерді жойып жатырмыз.
Барлық әлеуметтік нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Шағын, орта және ірі кәсіпорындардың көпшілігі жылу жүйесіне қосылды.
Жылу электр орталығында бес қазандық жұмыс істейді. Резервтік қахандықтар да қосылады.
Әсия Серікова