Баянауыл бағытындағы жолдың 70 шақырымға жуығы жөнделіп жатыр

Баянауыл бағытындағы жолдың 70 шақырымға жуығы жөнделіп жатыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол жұмыстарына жүзге жуық маман мен ондаған арнайы техника жұмылдырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының бірнеше учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жөнделіп жатқан жолдың жалпы ұзындығы 67,9 шақырымды құрайды.

Жоба аясында 10,8 шақырым жолдың ескі жабыны жонылып, 35,1 шақырымда суық жону әдісімен жол негізі нығайтылды.

Сондай-ақ 31,7 шақырымға ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан төменгі қабат, 42 шақырымға майда түйіршікті асфальтбетон қоспасынан жоғарғы қабат төселді. Бұдан бөлек, 64,3 мың шаршы метр жол жиегі нығайтылып, бір су өткізгіш құбыр толық қайта орнатылды.

Жөндеу жұмыстарына 99 маман мен 44 арнайы техника жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін жол учаскелерінің көлік-пайдалану көрсеткіштері жақсарып, өңірдегі көлік қатынасының тиімділігі артады.