Білім беру ұйымдарына арналған мәзірде не өзгерді?

Білім беру ұйымдарына арналған мәзірде не өзгерді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мәзірде ас блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы ескерілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше,  мектепте дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жетекші бейінді сарапшылармен бірлесіп6 білім беру ұйымдарына арналған үлгілік перспективалық мәзірді әзірледі.

Мәзір қауіпсіз, теңдестірілген және ғылыми негізделген, балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен калориясын ескере отырып жасалған, онда жас ерекшелік санаттары, маусымдылығы, сондай-ақ ас блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы ескерілген.

Мәзірде ДДҰ-ның семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың даму қаупін азайту үшін қант пен тұзды азайту бойынша ұсыныстары ескерілген. Мысалы, балалар тәулік бойы болатын ұйымдар үшін қант мөлшері 6-10 жас ерекшелік тобында – 55 г-нан 15 г-ға дейін, 11-14 жас ерекшелік тобында – 70 г-нан 21 г-ға дейін, яғни 3,3-3,6 есе азайды. Тұз 6-10 жас ерекшелік тобында – 15 г-нан 3 г-ға дейін, 11-14 жас ерекшелік тобында – 15 г-нан 4,5 г-ға дейін, яғни 3,3-5 есе азайды.

Негізгі мәзірге ет, балық және көкөніс тағамдары, жаңа піскен көкөністен жасалған салаттар және қант мөлшері аз сусындар кіреді.

Балалардың өсуі мен дамуы, сондай-ақ аурулардың алдын алу үшін рационға майы аз сүт, пробиотиктері бар сүт қышқылы өнімдері кіреді және көкөністер мен жемістердің көлемі арттырылған.