Павлодарда бірнеше көшеде су уақытша тоқтатылады

Павлодарда бірнеше көшеде су уақытша тоқтатылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңадан салынған су құбырын қосу жұмыстарына байланысты тұрғындар сусыз қалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Каз. Правда көшесі 3 – 3/1 мекенжайы бойынша жаңадан салынған су құбырын қосу жұмыстары 24 қарашаға ауыстырылды. Осыған байланысты 24 қараша күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін бірнеше мекенжайда су уақытша тоқтатылады.

Су тоқтатылатын мекенжайлар:

  • Каз. Правда көшесі, 3, 3/1, 3/2 үйлері;
  • Каз. Правда көшесіндегі Тульская көшесінен Зеленстройға бұрылуға дейінгі жеке үйлер;
  • Ворушин көшесі, Каз. Правда көшесінен Ладожская көшесіне дейінгі аралық;
  • Тульская көшесі, Каз. Правда көшесінен Волочаевская көшесіне дейінгі аралық.

Тұрғындардан суды алдын ала жинақтауды сұрайды.