Павлодар облысында «Астана – Павлодар» тас жолы жабылды

Павлодар облысында «Астана – Павлодар» тас жолы жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Себебі – ауа райының нашарлауы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, 19 қараша күні сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200–254 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті) автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Жолды 20 қараша сағат 9:00-де ашу жоспарланып отыр.