«Дипломмен - ауылға»: Мамандардың көбі Баянауыл, Павлодар, Шарбақтыға барады

«Дипломмен - ауылға»: Мамандардың көбі Баянауыл, Павлодар, Шарбақтыға барады
Фото: ӨКҚ

Ал Екібастұз ауылдық аймағы, Железин және Ертіс аудандарына баратын мамандардың саны аз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Әлібек Каленов мәлім етті.

Жобаның басты мақсаты – бұл қажетті  дипломы бар мамандармен ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін нығайту. «Дипломмен - ауылға» жобасы бойынша тек жастар ғана емес, барлық жастағы адамдар жұмыс жасай алады.Ең бастысы қолында дипломы болу керек, – дейді Әлібек Каленов.                                                                                                                      

Оның айтуынша, егер бұрын мамандар Egov.kz порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес қоғамна құжаттарды тапсырса, қазір құжаттар «Отбасы банкі» порталы арқылы қабылданатын болады.

Жаңадан келген мамандарға мемлекет әлеуметтік қолдаудың екі түрін ұсынады: 15 жылға 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен кемінде 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін 5 175,0 мың теңге мерзіммен тұрғын үй сатып алу немесе салуға кредит ұсынылады.

Мамандар бір немесе екі әлеуметтік қолдауды бір уақытта алады. Негізгі шарттар және талаптар: Жобада жоғары білімі туралы дипломы бар және Қазақстан бойынша тұрғын үйі жоқ барлық азаматтар қатыса алады. Маман сол жерде тұруы және кемінде үш жыл ауылда орналасқан ұйымда жұмыс істеуі қажет.  

Шарттар орындамаған жағдайда несие алушы бюджеттік қаражатты толық көлемде қайтаруға міндетті.

 Өткен жылы 1,0 миллиард астам теңге сомаға 265 маман бюджеттік кредит және и 187 миллиард теңгеге 608 маман көтерме жәрдемақы алды. Ағымдағы жылға 963 миллион теңгеге 186 кредит және 166,4 миллион теңге 482 маманға көтерме жәрдемақы беру көзделді. Жас мамандардың 60 пайыздан астамы - білім беру, 20 % - денсаулық сақтау, 10 % мәдениет және спорт саласында бюджеттік кредит берілді,  деді Әлібек Каленов.

 

Айта кетейік, «Дипломмен – ауылға» жобасы 2009 жылдан бастап іске асырылып келеді. Жобаның басынан бері жалпы сомасы 8,4 миллиард теңгеге 2 800-ден астам маманға бюджеттік кредит берілді. Көтерме жәрдемақы миллиард теңге сомада 6600 маманға төленді.