Баянауылда жаңа спорт кешені салынуда
Екі қабатты нысанның құрылыс жұмысы алдағы екі жылға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Спорт кешені арнайы жаттығу залымен жабдықталады. Спортшылар баскетбол, волейбол, жеңіл атлетикамен, гандбол және аэробикамен әртүрлі жеке залдарда шыныға алады.
Бұдан бөлек, бильярдқа арналған бөлек бөлме де салынады. Одан басқа, балалар мен ересектерге арналған бассейн болады.
Тендерлік конкурс аяқталып, мердігер болып «ГИДРОПРОМ» ЖШС құрылыс компаниясы анықталды. Алдағы жұмыстарға облыстық бюджеттен 2,7 миллиард теңге бөлінді.
Спорт кешені 130 орынға есептелген. Жобаны екі жыл ішінде жүзеге асыруға жоспар қойылған. Жер жұмыстары басталып кетті.