Ертістегі суқұзғындар: экспансияның жаңа толқыны бола ма?

Ертістегі суқұзғындар: экспансияның жаңа толқыны бола ма?

Зерттеушілер мәселені халықаралық деңгейге көтерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Phalacrocorax carbo деп аталатын әдемі латын атауы суқұзғындардың экспансиясы тек Қазақстанда емес, Ресейдің көршілес аймақтарында, соның ішінде Байкалда да байқалуда. Павлодарлық ғалымдар бір ай бұрын құстардың жазғы санағын бастаған. Ерекше бақылауға Павлодардың оңтүстігіндегі аймақтар – Май және Аққулы аудандары алынды.

Торайғыров университеті биология кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессоры Зарина Серғазинованың айтуынша, ғылыми топ моторлы қайықпен Май ауданының Қаратерек ауылынан Аққулы ауданының Жамбыл ауылына дейінгі Ертіс өзенінің негізгі арнасымен 104 шақырымды зерттеген. Дәл осы учаскелерден жергілікті тұрғындар мен орманшылардан  ашқарақ құстарға шағымдар түскен.

– Өткен жылы тек күзгі санау жүргіздік, ал биыл алғаш рет жазғы санауды енгіздік. Бұрынғы жылдардағы аумақтарды негізге алдық. Бастапқыда үлкен топтарды байқамадық, екі-үш құстан ғана кездестірдік. Мүмкін, сол кезде суқұзғындар ұя салумен айналысып, балапан шығарған.  Сондықтан, ірі колониялар тіркелмеді. Алайда шілде айының басында үлкен топтар кездесе бастады, – дейді Зарина Серғазинова.

Ғылыми топтың алдын ала есептеуіне сәйкес, зерттелген аумақта 775 құс тіркелген, тығыздығы – бір шаршы шақырымға шамамен 17 құс. Мамандардың пікірінше, бұл арқылы ірі популяция туралы қорытынды жасауға болады.

Әдетте колонияларда 300-ге дейін құс кездеседі. Суқұзғындарға отбасылық өмір салты тән, жалғыз жүрмейді. Олардың арасында қоныстанушы және көшпелі түрлері бар. Мұндай популяция Қаратерек пен Еңбекші ауылдарының арасындағы Ертіс арнасында байқалды.

– Біз Павлодардың солтүстігіндегі аумақтарда да зерттеу мен санақ жүргізуді жоспарлап отырмыз. Топ соңғы бірнеше жылдағы деректерді салыстырып, егжей-тегжейлі талдау жасап, құс санының өсу динамикасын бағаламақ. Мен Павлодар ауданының Набережное және Чернорецкое ауылдарында болдым. Жергілікті орманшылардың айтуынша, бұл жерлерде құстар аз, мәселе туғызбайды. Ал Май ауданындағы азаматтар балық ресурстарының азайғанына шағымдануда. Қалай болғанда да, санау жүргізгіміз келеді, – деп бөлісті Зарина Серғазинова.

Ғылыми топта екі маман жұмыс істейді, кейінірек паразитолог-маманын тартуды жоспарлануда.

– Жыртқыш құстардың ағзасында жануарлар мен адамдарға, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін паразиттер болады. Суқұзғынның колониялық ұя салу орындарындағы саңғырығы топырақтың қышқылдануына және азот мөлшерінің артуына әкеледі. Бұл өсімдіктердің жойылуына, топырақ микроағзалардың құрамының өзгеруіне және жамылғының деградациясына себеп болады. Балық ресурстарына экологиялық жүктемені бағалау өте маңызды. Құстар жиі балықты ұстап, оны толық жемей, тастап кетеді, – деп түсіндірді биолог.

Ғалымдар үзілді-кесілді шаралар қабылдамас бұрын нақты деректер жинау қажет дейді. Тек содан кейін ғана құс санын шектеу туралы шешім қабылдауға болады. Биологтар ресейлік әріптестерінің тәжірибесін қайталамауға тырысады. 1930–40 жылдары Байкалда жыртқыш құстардың экспансиясы тіркелген. Балық пен өсімдіктерге орасан зиян келгендіктен, қанаттылар жойылды. Алайда, уақыт өте келе олардың сана азайып, құрудың шақ алдында болған. Сондықтан, суқұзғындар Қызыл кітапқа енгізілді. Бұл  ұзаққа созылмады – бірнеше онжылдықтан кейін экспансия қайта басталды.

– Құстар қайта оралды. Бұл әр популяцияның өзіне тән ырғақты ауытқулары: шарықтау мен төмендеу кезеңдері бар екенін дәлелдейді. Бізде қазір, құстар санының шарықтау кезеңі мен ареалдың кеңеюі жүріп жатыр. Жыртқыш ареалды игеріп болған соң ғана демографиясында тұрақтану басталады. Қазір өсу байқалады, кейін төмендеу болады, – дейді Зарина Серғазинова.

Байкалдағы Жануарлар жүйелілігі және экологиясы ғылыми-зерттеу институтының мамандары көптеген ғылыми мақалалар жариялаған. Олар суқұзғындармен күресудің жолы ретінде ату мен жұмыртқаларды алу, соның ішінде жұмыртқаларды улы маймен өңдеуді ұсынады. Алайда, ату әрдайым қажетті нәтиже бермейді. Себебі, құс күйзеліс кезінде жоғалған бас санын жылдам қалыпқа келтіруге тырысады. Ғалымдардың бақылауынша, бұл  ерте жұмыртқалау және жыныстық жетілумен түсіндіріледі.

Ғылыми топ өкілдері: әзірге күрт шаралар қабылдаудың қажеті жоқ деп санайды. Жағдайдың динамикасын талдағаннан кейін ғана нақты қадамдар туралы айтуға болады. Сондай-ақ, зертханалық зерттеулер жүргізу жоспарлануда: қоректену спектрін талдау, қорек компоненттерінің кездесу жиілігін зерттеу, ішек толу индексін анықтау және құстардың ішіндегі паразиттерді зерттеу. Биологиялық негіздеме дайындау жалпы стратегияның бір бөлігі болады. Ең бастысы – бірлесіп жұмыс істеу және тәжірибе алмасу.

Өткен жылдармен салыстырмалы талдау жүргізілгеннен кейін құс санының қалай өзгеріп жатқаны белгілі болады. Бұл бағыт ғылым үшін жаңашылдық емес. 

Мамандардың айтуынша, сүтқоректілерде динамика айқын байқалады. Төрт жылдық цикл тіркеліп, саны мен өсу динамикасы анықталады. Ал құстарда бөлек.  Қанатталырда толқындар байқалады, бірақ тұрақтылығы төмен. Аймақтық деңгейде сан мен құрылымдағы өзгерістер әрдайым қызықты.

Еске салайық, үлкен суқұзғын Павлодар облысының экожүйесіне, әсіресе ихтиофаунаға айтарлықтай әсер етеді. Есептік деректерге сәйкес, өңірдегі су айдындарында қоректенетін құстардың саны жаздың соңында – күздің басында 15 136-ға жеткен. Бір құс тәулігіне 344 грамм азық қажет етеді, бұл күніне 5,2 тоннадан астам балықтың жойылуына әкеледі. Нәтижесінде тек 2024 жылы құс популяциясының балық ресурстарына келтірген жалпы зияны 364 тоннадан асты.