Өзбекстан чемпиондарының бапкері «Ертісті» бастай ма?

Өзбекстан чемпиондарының бапкері «Ертісті» бастай ма?
Фото: ASIA-Plus

Павлодарлық футболшылар 2026 жылы Қазақстанның элиталық дивизионында ойнайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2025 жылғы Өзбекстан Суперлигасының жеңімпазы Ферғананың «Нефтчи» командасының бапкері Виталий Левченко ресейлік журналист Александр Троицкийдің айтуынша, Павлодардың «Ертісіне» келуі мүмкін.

«Менің ақпаратым бойынша, Қазақстанда Виталий Григорьевичке қызығушылық бар. Олар клубтың атын атамады, бірақ мен біраз ойланып, «Ертіске» тоқталдым. Бірақ, әрине, көреміз», - деп жазады ресейлік.

Өткен маусымда «Нефтчи» 2001 жылдан бері алғаш рет Өзбекстан чемпионы атанды. Тәжік футболының түлегі Виталий Левченко ЦСКА Киевтегі өнерімен танымал. «Мұнайшылардан» басқа, ол Украина мен Тәжікстанның жастар құрамаларын жаттықтырды және Самараның «Крылья Советов» командасында жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Шымкенттің «Ордабасы» командасын 2023 жылы Қазақстан чемпионы атағына жеткізген Александр Седнев «Ертіс» командасының жаңа бас бапкері болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.