Павлодар мен Абай облыстарын байланыстыратын жол жабылды

Павлодар мен Абай облыстарын байланыстыратын жол жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қатты аяз бен боран себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты, республикалық маңызы бар ірі жол учаскесінде жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Қазіргі уақытта «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» бағытындағы тасжолдың бір бөлігі уақытша жабық.