Павлодар облысы қысты қаһарлы аяздан бастамайды
Синоптиктер алдағы аптаның ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 2 және 3 желтоқсанда түнде қар, боран, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар аралас жаңбыр, боран, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Сынап бағанасы түнде 0... -5°С, ал күндіз -2...+3°С-ты көрсетеді.
4 желтоқсанда түнде қар жауады, бұрқасын күтіледі, күндіз қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 0...-5°С, ал күндіз -3...+2°С-қа дейін жылынады.
5 желтоқсанда да дәл бейсенбідей ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде 0...-5°С, ал күндіз -3...+2°С-ты көрсетеді.
Сенбіде түнде қар, боран, күндіз жауын-шашын, көктайғақ болжануда. Ауа температурасы түнде 0...-5°С, ал күндіз -3...+2°С-қа дейін жылынады.
Жексенбіде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Сынап бағанасы түнде -5...-10°С, ал күндіз 0...-5°С-ты көрсетеді.