Күздің алғашқы күнінде Павлодар облысы салқын болады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, ал күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнгі ауа температурасы +2...+7°C болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде -1°C дейін үсік жүруі мүмкін. Солтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Батыс және орталық бөліктерде тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы +11...+16°C аралығында болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде бұршақ болуы ықтимал.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +3...+5°C болады. Топырақ бетінде -1°C дейін үсік жүреді. Аспанды бұлт торлап, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы +14...+16°C-қа дейін көтеріледі. Ала бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.