Павлодарда дрифт-такси тағы бір мәрте ұйымдастырылады

Павлодарда дрифт-такси тағы бір мәрте ұйымдастырылады
Фото: pexels.com / cnrdmroglu

Автоспорт әуесқойлары бұл жолы «Құлагер» ипподромында бас қосады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ритм РК» қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, 11 қазанда Павлодарда дрифт-такси шарасы өтеді. Автошоу сағат 13:00-де басталады.

– Жылдамдық, моторлардың қуаты мен ерекше әсер! Барлық автоспорт әуесқойларын нағыз дрифт атмосферасын сезінуге шақырамыз, – деді ұйымдастырушылар.

Шара «Құлагер» ипподромында қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Демеушісі – Region.app.

Бұған дейін 3 қазанда METRO сауда орталығының автотұрағында павлодарлық жас автоспортшы Анатолий Кинді еске алуға арналған дрифт-такси өткен еді. Оған қала әкімі Хасар Хабылбеков те қатысып, «Ритм РК» өкілдерімен қысқы дрифт жарыстарын өткізу мүмкіндігін талқылаған болатын.

Жаңа шараның өтетін орны – «Құлагер» ипподромы. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен автоспорт жанкүйерлерін шақырады.