Баянауылда жазғы туристік маусымы қашан ашылады?
Ауқымды бағдарлама әзірленуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
15 маусымда Павлодар қаласының туризм бөлімі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Жасыбай көлінің жағасында концерттік бағдарлама өткізіледі. Жазғы туристік маусымының ашылуында аниматорлар, қолөнершілер шақырылып, спорттық және мәдени іс-шаралар болады. Жағажай волейболы, арқан тарту сияқты жарыстар өткізіліп, ұлттық ойындар ойнатылады.
Негізгі бағдарламадан бөлек төрт экскурсиялық бағыт бар. Олар ақылы түрде өтеді. Сапсерфинг бойынша жаппай сүңгу, автобустық экскурсия, жаяу саяхат, джип-тур. Кемпір тас, Торайғыр көлі, Сайман тас, Қоңыр әулие, Ескі өткел сияқты жерлер көрсетіледі. Қосымша ақпаратты серіктестерден білуге болады – Mixtour.kz және Sunsup.pavlodar. Байланыс телефондары +77779101991, +77078074106.