Павлодар облысында 200 мыңнан астам адам дауыс беріп үлгерді

Павлодар облысында 200 мыңнан астам адам дауыс беріп үлгерді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Статистикалық мәліметке күннің екінші жартысына дейін дауыс берген сайлаушылар енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сайлау учаскелеріне келген 235 мыңнан астам павлодарлық өз таңдауын жасады. Бұл – өңірдегі сайлаушылардың жалпы санының 46,83 пайызы, 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, республика бойынша сағат 14:00-де тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46 пайызы дауыс берген. Павлодар облысындағы көрсеткіш елдегі орташа деңгейден жоғары. 

Өңірлер арасында ең жоғары белсенділік Жетісу облысында тіркелді – 58,35 пайыз. Одан кейін Түркістан облысы – 56,91 пайыз, Қызылорда облысы – 56,38 пайыз, Шығыс Қазақстан облысы – 54,46 пайыз және Ақтөбе облысы – 54,17 пайыз.

Ал Абай облысында сайлаушылардың 51,82 пайызы, Алматы облысында – 51,36 пайызы, Ақмола облысында – 49,14 пайызы, Жамбыл облысында – 48,05 пайызы, Маңғыстау облысында – 47,51 пайызы дауыс берген.

Павлодар облысымен қатар Атырау облысында – 46,71 пайыз, Қостанай облысында – 46,21 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 46,12 пайыз, Қарағанды облысында – 44,76 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысында – 43,74 пайыз, Ұлытау облысында – 43,63 пайыз сайлаушы дауыс берді.

Қалалар арасында Астана қаласында бұл көрсеткіш 33,27 пайыз, Алматыда – 25,72 пайыз, Шымкентте – 32,74 пайыз болды.

Айта кетейік, 29 қарашада Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.