Павлодар облысында бала кір жуғыш машинаға кептеліп қалды

Павлодар облысында бала кір жуғыш машинаға кептеліп қалды

Оқиға Тереңкөл ауылында болған, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 11.14-те Тереңкөл ауылында баланың кір жуғыш машинаға кептеліп қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері жұмылдырылып, арнайы құралдардың көмегімен 2018 жылы туған қыз баланы алып шықты. Қазір  оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, – дейді департаментте. 

Бала барабанның ішінен ойыншықты алғысы келіп, аяғы қыстырылып қалған. 

Баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.