Павлодарлық жас әншілер Грузияда үздіктер қатарына ілікті

Павлодарлық жас әншілер  Грузияда үздіктер қатарына ілікті
Фото: Білім басқармасы

Байқау Батуми қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайының «Жаңа Star» вокалдық студиясы «Golden Fleece» халықаралық фестиваліне қатысты. 

Вокалдық ұжым 5-7 және 8-10 жас санатында «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша өнер көрсетті. Қазылар алқасының халықаралық құрамына хореографиялық, вокалдық, цирк өнері саласындағы жоғары деңгейдегі мамандар, әртістер, әлемнің түрлі елдерінен белгілі мәдениет қайраткерлері кірді. Қазылар алқасы қатысушылардың дыбыс сапасы мен интонацияның тазалығы, сахна мәдениеті, репертуардың орындаушылық мүмкіндіктері бойынша баға берді.

Нәтижесінде  «Жаңа Star» вокалдық студиясының «Смайлики» тобы «Mamma Maria» әнімен және «Айдарай» тобы «Show me your love» әнімен 3-орынға ие болса, «На воздушном шаре» әнімен «Тентек» дуэті жүлделі 2-орынды иеленді.

Айта кету керек, «Жаңа Star» вокалдық студиясының барлық қатысушыларына кубоктар мен дипломдар табысталды. Ал, студия жетекшісі Н.Царенко мен сүйемелдеуші З. Елшібаева Алғыс хаттармен марапатталды.