Павлодарда үздік мамандарға теледидар табыс етілді

Павлодарда үздік мамандарға теледидар табыс етілді

«Үздік маман» байқауына 30 адам қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметкері Жандарбек Қабдраштың айтуынша, 14-35 жас аралығындағы облыстың жұмысшы жастары мен оқушылары бес бағыт бойынша сынға түсіп, өз саласының  үздік екенін  дәлелдеуге тырысты. Олар – дәнекерлеуші, тігінші, аспаз, кондитер, шаш стилисті. 

–  Дәнекерлуші қазақы нақышта сәкі дайындаса, тігінші  үлттық ой-өрнекпен көмкерілген бас киім тігуі тиіс. Аспаз бен кондитер ұлттық тағам мен «Наурыз мейрамы» атты торт пісіруі керек болды. Ал шаш стилисі қазақи үлгідегі шаш үлгісін жасауы тиіс. Сайысқа шаш стилисі бағыты бойынша – 7 маман, тігіншілер бағытында – 3, кондитерлер – 6, аспаздар – 6, дәнекерлеушілер бағытында 2 адам қатысты, – дейді  Жандарбек Қабдраш.

Байқау қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған 5 жеңімпаз анықталды. Дәнекерлеу бағыты бойынша – Артем Третьяков басым түссе, үздік шаш стилисі атағын Вероника Степьюк алды. Аспаздардың ішінен – Снежана Бахманның бағы жанды, кондитерлердің ішінен Әлия Мұсаеваның асығы алшысынан түсті. Ең әдемі бас киімді – Дильда Қожамұратова тікті.  Олардың барлығына теледидар табыс етілді. 

Ұйымдастырушылардың  сөзінше, бұл – алғашқы сайыс емес және алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Бұған дейін үздік мамандар 2019 жылы бақ таластырған.  

Мақсат Көлтайұлы