Павлодар облысында 3,5 тонна заңсыз қарбыз тасымалдаған тұрғын ұсталды
Жүргізуші мен жүк таситын көлік құралы әрі қарай талқылау үшін Успен ауданының салық органына жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 2023 жылғы 31 наурызда Успен ауылының маңында Mitsubishi маркалы автокөлікті тоқтатқан.
– Рульде 3,5 тонна қарбыз тасымалдаған 69 жастағы жүргізуші болды. Жүргізушінің өзімен бірге тасымалданатын өнімге тиісті құжаттары болған жоқ, – деді Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.
Айта кетейік, облыс автожолдарында күн сайын жол қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған рейдтер жүргізіледі. Сондай-ақ, рұқсат беру құжаттарының сәйкестігі тұрғысынан ет және басқа да өнімдерді тасымалдайтын автокөлік тексеріледі. Жүргізушілерде тасымалданатын өнімге қажетті тиісті құжаттар болуы тиіс.