Павлодар облысында балалар арасында псориаз көбейді
Бүгінде аталған дертке шалдыққан 46 бала тіркелген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасының тері-венерологиялық орталығының меңгерушісі Гүлнар Байсекенованың айтуынша, соңғы кездері псориаз дерті жастарға жұға бастаған. Оның ішінде әсіресе нәрестелер жиі ауыра бастаған. Тері-венерологиялық орталықта псориазбен есепте 46 бала тұрса, оның 22-сі биыл қосылған.
– 18 пайызында псориаз екі жастан төрт жасқа дейін пайда болған. 6-7 жас және 14-17 жас аралығындағы науқастар да бар, – дейді спикер.
Бұл кезең бала денесінің физиологиялық өсуіне, гормоналды тұрақсыздыққа және әртүрлі психоэмоционалды жүктемелерге әкеледі. Дерматовенерологтың айтуынша, науқастардың жартысына жуығында отбасылық анамнез күрделі. Тұқым қуалайтын бейімділіктен басқа, жұқпалы аурулар– тамақ ауруы, ЖРВИ, желшешек, қызылша псориазға әкелуі мүмкін. Қауіпті факторлардың қатарында эмоционалдық және психологиялық күйзеліс те бар.
Гүлнар Байсекенова псориаз жұқпалы емес, дегенмен салдарына байланысты қауіпті екенін айтты. Ұзақ уақыт бойы емделмеген жағдайда артропатиялық форманың дамуына әкелуі мүмкін. Мәселен, 13 және 15 жастағы екі павлодарлық жасөспірім аталған дертке шалдыққан. Артропатиялық түрдегі псориаз бас терісінде және денеде қызғылт-қызыл бөртпелерден, сонымен қатар аздап қышудан басталды. Басында ақ халаттылар мұны аллергияға балаған.
– Балалар бір жыл бойы паразиттерден емделді, – дейді Гүлнар Байсекенова. – Қанша уақыт зая кетті. Остеоартикулярлық деформация басталған кезде ғана дерматологқа жүгінді. Мұндай жағдайлар өте көп.
Әртүрлі жастағы балалардағы клиникалық көріністің өзіндік ерекшеліктері бар. Нәрестелер мен бір жастан үш жасқа дейінгі балалар - бас терісінде, бетінде, мойынында, қабақтарында, құлақтыңартында, тері қатпарларында, жаялық астында эритематозды зақымдану түріндегі бөртпелер шығады.
Егер баланың денесінде ақ қабыршақтармен жабылған қызғылт-қызыл бөртпелер болса немесе тырнақ пластиналарының деформациясы болса, дәрігер өзін-өзі емдеуге кеңес бермейді. Уақытты жоғалтпау және дереу мамандарға хабарласу керек немесе 22-35-22 телефоны арқылы алдын ала жазылуыңызға болады. Павлодар қаласындағы дерматовенерологиялық орталық Щедрин көшесі, 63/1, Е корпусында орналасқан.