Мемлекеттік сатып алу бойынша заң бұзған павлодарлық лауазымды тұлғалар жазаланды
Олар мердігерлер өз талаптарының орындамағанын біле тұра тиісті әрекеттер қабылдамаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар прокурорлары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның жүйелі түрде бұзылуын анықтады.
Атап айтқанда, талаптарға сәйкес тапсырыс берушілер 30 күн ішінде жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті.
– Мысалы, сот «KAZ SERVICE PVL» ЖШС-не қатысты Ақсу қаласының мектеп-лицейінің талап арызын заңда белгіленген мерзімді өткізіп алуына байланысты қанағаттандырудан бас тартты. Яғни, мекеме серіктестік тарапынан міндеттемелердің бұзылғанын 2024 жылғы тамыз айында білген, алайда талап тек бес ай өткен соң берілген. Прокуратураның енгізген ұсынуын негізінде Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мектеп директорын әкімшілік жауаптылыққа тартып, айыппұл салды, – деді облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінде.
Талдау көрсеткендей, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бұл мерзімдерді бірнеше рет елемеген. Мұндай әрекетсіздік адал емес жеткізушілердің жауапкершіліктен жалтаруына мүмкіндік береді, тіпті олар шарт талаптарын орындамаса да. Заңда мұндай бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы тікелей көзделген.
Барлығы осындай құқықбұзушылыққа жол берген 19 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.