Павлодар облысының тұрғындарын алыс сапарға шықпауды сұрайды

Павлодар облысының тұрғындарын алыс сапарға шықпауды сұрайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қар, жаңбыр, қатты жел күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалы жол қозғалысына қатысушыларды алдағы күндері күтілетін ауа райының қолайсыздығы туралы ескертеді. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 27-29 қараша аралығында қар, жаңбыр және қатты жел түрінде ауа райының нашарлауы күтілуде.

Осыған орай, автокөлік жолдарын пайдаланушылардан сақтық шараларын сақтауды, жолдарда мұқият болуды және мүмкіндігінше алыс сапарларға шығудан бас тартуды сұрайды.

Сонымен қатар, қолайсыз ауа райына байланысты Павлодар облысының жекелеген автомобиль жолдарының учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуі мүмкін екендігі ескертіледі.