Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде тұман және қатты жел күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қараша күні Павлодар облысының батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында тұман түседі деп күтілуде. Сондай-ақ, облыс аумағында оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.