Қазақстаннан бұқашықтарды әкетуге толық тыйым салынды

Қазақстаннан бұқашықтарды әкетуге толық тыйым салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл шаралар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықты тұрақтандыруды көздейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге қатысты енгізілген шектеу шаралары туралы еске салады. Бұл шектеулер елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты тұрақтандыру және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын жүктеу мақсатында қабылданды.

Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 415 және 416 бұйрықтарына сәйкес, 5 қарашадан бастап ірі қара малдың бұқашықтарын әкетуге толықтай тыйым салынды.

Сонымен қатар, қой мен ешкіні әкетуге сандық шектеулер (квоталар) белгіленді. Квоталау шеңберінде төрт айдан асқан еркек тоқты мөлшеріндегі 120 мың бас тірі қойлар мен ешкілерді экспорттауға ғана рұқсат етіледі.

Бұл тыйым салу мен шектеулер 2026 жылғы 30 сәуірге дейін жалғасады.