Павлодар облысында сәуірдің басында күн салқындайды
Айдың басында қар мен тұман күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сәуір айының орташа температурасы +6,5...+8,5°С көрсететін болады. Бұл нормадан 1°С-қа жоғары.
Айдың бірінші онкүндігінде нөлден төмен ауа райы болжанады. Түнде -12...-17°С-тан -3...-8°С суықты көрсетсе, облыстың оңтүстігінде 0°С, күндіз -2...-7°С +2...+7°С болады.
Сәуірдің екінші онкүндігінде ауа температурасының жоғарылауы байқалады: түнде +2…+7°С болса, күндіз +12…+17°С күтіледі. Онкүндіктің екінші жартысында түнде +8+13°С, күндіз сынап бағанасы+18…+23°С дейін көтеріледі, ал облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +28°С дейін жоғарылайды.
Үшінші онкүндікте облыста сынап бағанасы түнде +8…+13°С-тан -2…+3°С көрсетеді, күндіз +18…+23° болады.
Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес түседі (норма: 15-25 мм). Екінші онкүндікте жаңбыр жауып, жел жиі соғады деп болжануда.
Фото: Константин Шелков