Павлодарда жаңбырлы ауа райы сақталады

Павлодарда жаңбырлы ауа райы сақталады
Фото: Константин Шелков

Бұл жайлы Қазгидромет мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Түнде өңірімізде ауа райы +16..+18 °C дейін жетеді. Көшпелі бұлтты болып, найзағай ойнауы мүмкін.

Синоптиктер күндіз +27...+29°C градус болады деп болжамдайды. Ауа райы көшпелі бұлтты болады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Желдің жылдамдығы  секундына 9-14 метр, ал найзағай кезінде секундына 15-20 метрге дейін соғады.