Павлодар облыстық цифрлық технологиялар басқармасына басшы тағайындалды

Павлодар облыстық цифрлық технологиялар басқармасына басшы тағайындалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл қызметке облыс әкімінің өкімімен Әмірин Ағыбай Қойшыбайұлы келді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ағыбай Әмірин 1972 жылы 9 мамырда Баянауыл ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары: 1995 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «математика және информатика мұғалімі» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2013 жылы Инновациялық Еуразия университетін «экономика және бизнес» магистрі мамандығы бойынша аяқтаған. 

2003 жылдан Ақсу қаласының Ақжол ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

 2006-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің кеңесшісі, кейін басшысы болып жұмыс істеді.

2012-2014 жылдары Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет етті.

2014-2016 жылдары – Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл.

 2016 жылдың 18 қарашасынан 2018 жылдың 21 мамырына дейін –Ақтоғай ауданының әкімі.

 2018 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейін –Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Май ауданының әкімі қызметін атқарды.

Фото: Валерий Бугаев