Павлодарлық сарбаздарға жауынгерлік қару табысталды

Павлодарлық сарбаздарға  жауынгерлік қару табысталды
Фото: Константин Шелков

150-ге жуық сарбаз қару алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Павлодар қаласындағы  6679 әскери бөлімінің  жас сарбаздарына  қару табыстау рәсімі өтті.  Жалпы 141 сарбазға қару табыс етілді. Айтулы шараға әскери бөлім офицері,  әскери бөлім ардагерлері және өзара бірлесіп іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты.  

– Күні кеше семсер сүйіп серт беріп, ант қабылдаған сендер үшін бүгін мерейлі және жауапты сәт. Ұлттық ұлан қатарында сендер, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ететін ел тыныштығын күзет ететін әскер екендігін түсінген жөн. Қолдарыңа алған қару тек оқу-жаттығу мақсатында қолдансын деп тілеймін, – дейді әскери бөлім ардагері, запастағы  старшина Қуаныш Әлібеков.   

Жауынгерлік қаруды асыға күткен  сарбаздар өздеріне тапсырылған қаруға бір жыл бойы жауапты болмақ. Алдағы уақытта әскери бөлімдегі сарбаздар Павлодар қаласындағы қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде  күзету қызметін атқаратын болады.