Дүйсенбі күні Павлодар облысында жел болады
Кей жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста түнде және таңертең тұман сақталады.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с дейін жетеді, өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде температура +6...11°C, күндіз + 21...+26°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды.