Павлодар облысының жастарына: Фильм түсір де, құнды сыйлық ал!

Павлодар облысының жастарына: Фильм түсір де, құнды сыйлық ал!
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Конкурс тақырыбы – алаяқтық, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«New vision team» үкіметтік емес ұйымы «Алаяқтық» тақырыбындағы қысқаметражды фильмдер конкурсы бойынша өтінімдерді қабылдау басталғанын жариялады.

– Егер жасың 14-тен 35-ке дейін (35 жас қоса есептелмейді) болса және фильм түсіруге қабілетің бар болса, бұл – өзіңді көрсету үшін тамаша мүмкіндік! Байқауға жеке немесе командамен қатысуға болады. Алаяқтық мәселесіне назар аударып, оны болдырмауға көмектесетін қызықты және креативті жұмыстарды күтеміз, – деп жазылған хабарламада. 

Байқаудың талаптары:

1. 5-10 минуттық белгіленген тақырыпта қысқаметражды фильм түсіру.

2. Қатысуға өтінім толтыру.

3. 2024 жылғы 3 шілдеден 25 шілдеге дейін өтінімді, сонымен қоса фильмді көруге және жүктеуге арналған белсенді сілтемені nvt_kz@mail.ru поштасына жіберу.

Жеңімпаздар дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады.

Толық ақпаратты 8 (705) 190 2110 телефоны арқылы алуға болады.