Павлодар ормандарында борсық фототұзаққа түсіп қалды

Павлодар ормандарында борсық фототұзаққа түсіп қалды
Фото: pixabay.com/PBarlowArt

Борсық — орман санитары, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Ертіс орманы» резерваты аумағында орман тазалаушысы — борсық фототұзаққа түсіп қалды. 

  Ол табиғи тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады: зиянкестерді жойып, өлекселерді ыдыратуға көмектеседі. Мұндай жануарларды қорғау — экожүйенің тұрақтылығын сақтауға қосылған үлес, — дейді резерватта. 

Соңғы есеп бойынша, резерват аумағында 600-ден астам борсық мекендейді. Бұл олардың тіршілік ету ортасының жақсы жағдайда екенін көрсетеді. 

Айта кетерлігі, борсық өте ұқыпты, індерін өте таза ұстап, тамақтың  қалдықтарын, қоқыстарды қалдырмай, інінен бірнеше метр терең қазылған «дәретханасына» апарып тастайды. Шұңқыр толса, жаңасын қазады. Жазда бірнеше рет астындағы төсеніш жапырақтарын ауыстырып отырады. Бір қызығы, борсықтар өздерінің жүндерін тазалап, жөнге келтірмей аңға шықпайды екен.