Павлодарлық агрономдар көктемгі егін жинауға төмен пайызбен несие ала алады
Аталмыш жұмыстарды қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерді тарту қарастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға мемлекет 85 пайызға дейін несиеге кепілдік береді.
Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 7,2 миллиард теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 2 іс-шара пакеті қарастырылып, қолданыстағы субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізілуде:
- Субсидиялар түріндегі жергілікті бюджет қаражатын бөлу арқылы пайыздық мөлшерлемені төмендету, бұл түпкілікті қарыз алушы – агроөнеркәсіптік кешен субъектісі үшін нарықтық мөлшерлемені 5%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
- Өткен жылғы ауылшаруашылық маусымының қорытындысы бойынша шаруалардың қаржылық жағдайына қатысты мәселені шешу үшін төлем қабілеттілігі критерийлерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін «ДАМУ» Индустриялық даму қоры» АҚ арқылы кепілдік тетіктері пайдаланылады.
Осылайша, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін одан әрі қаржыландыруды қамтамасыз етуге екінші деңгейдегі банктерді тарту мәселесі арзанырақ пайыздық мөлшерлемелерді, сондай-ақ арзанырақ кепілдік комиссияларын қарастыратын Қағидаларды қабылдау арқылы шешілетін болады.
Толық сұрақтар мен кеңес алу үшін Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасына мына телефон арқылы хабарласуға болады: Өсімдік шаруашылығы басқармасы +7(7182)32-22-37.