Павлодарда бесінші қабаттан секірген адамның жағдайы анықталды
1986 жылғы ер адам көптеген жарақат алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккен адам № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген.
– Оң жақ иығының, оң жақ сирақ буынындағы тобықтың жабық сынығы, омыртқа бел-сегізкөз бөлігінің жарақаты тіркелді. Шақырту бойынша медициналық апаттар орталығы қызмет көрсетті. Жағдайы тұрақты, – дейді басқармада.
Естеріңізге сала кетейік, 23 ақпан күні Айманов көшесі, 26 мекенжайы бойынша орналасқан үйде бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында облыстық психо-неврологиялық диспансердің есебінде тұрған және суицидке бейім ер адамның есікті ашпай жатқаны туралы хабарлама түскен.
Ол құтарушылар есікті ашқан кезде пәтерге өрт қойып, терезеден секіріп кеткен.