Шайтаннан аластау: Павлодарлық балгер құрбысын 120 миллионға алдаған
Тылсым күштерге сенген танысы бәсекелестерден арылғысы келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінше, 35 жастағы павлодарлық әйел балгерлік үшін орташа деңгейдегі әйелдер колониясында отыр. Ол өзінің құрбысын шайтандардан қорғай алатынына сендіріп, қомақты ақша алған еді. Бастапқыда балгер әйел «Мамон» деп аталатын зұлым жындардан аластау арқылы, адамдарға көмек көрсеткен.
– Жалған балгер құрбысын бәсекелестерінен қорғағаны үшін екі миллион 225 мың сұраған. Тылсым күштерге сеніп қалған құрбысы әр қызметі үшін сегіз миллион теңгеден беріп отыратын, – деп атап өтті департаментте.
Жәбірленуші өзінің досының қылмыстық ниетін байқамай сене берді. Алаяқтық нәтижесінде павлодарлық тұрғын 120 миллион теңгеден айырылды.
– Мен өз істеріме, адамдарды алдағаныма өкінемін, ұяламын, – дейді жалған балгер.
Соттың шешімі бойынша әйел адам өзінің жазасын Абай облысының орташа деңгейдегі әйелдер колониясында бес жыл отыратын болады.
Департаменттің мәліметінше, мекемеде 50-ге жуық әйел «алаяқтық» қылмысы бойынша жазасын өтеуде