Павлодарда бесінші қабаттан қыз бала құлап кетті
Қайғылы оқиға Шөкин көшесінде орын алды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 10 тамызда сағат 22.35-те Ак. Шөкин көшесіндегі үйде 2019 жылы туған қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.
– Бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Аталған факті тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді департаментте.
Полиция департаментінде қауіпсіздік шаралары туралы еске салады. Терезелерді ашық қалдырмауға, металл торлар орнатуға, баланы тіпті қысқа мерзімге де қараусыз қалдырмауға кеңес береді.