Павлодарда мектеп асханаларын жалға алушыларды мәзір үшін ақша төлеуге мәжбүрлеген

Павлодарда мектеп асханаларын жалға алушыларды мәзір үшін  ақша төлеуге мәжбүрлеген
Фото: Константин Шелков

Оқу орындарының әкімшілігі мәзірді ай сайын  тегін орналастыруы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Дархан Құрақбаев мәлім етті.

Дегенмен, алты мектеп азық-түлік жеткізетін төрт жабдықтаушыға  жарияланымдар үшін ақты төлеуді міндеттеген. Тағамдар мен сусындардың тізімі «Kundelik» жүйесіндегі «Mektepmenu» бетінде жарияланады. Бұл – мектеп асханаларын жалға алушыларға қойылатын шарт. Біз білім басқармасымен белгіленген ережелер мен заңнаманы қатаң сақтау туралы жұмыс жүргіздік. Кәсіпкерлерге бұрын төлеген қаражатты қайтару мәселесі шешілуде, – дейді Дархан Құрақбаев. 

Ведомство басшысының ақпараты бойынша, биыл «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды. Оның  басты міндеті – бизнестің жұмысын барынша қорғау және жеңілдету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 30-дан астам кездесу өткізіп, кәсіпкерлердің мәселесін шешуге көмектескен.

Департаментте «Атамекен» палатасы құрастырған бизнес проблемаларының өңірлік тізілімі зерделенді. 25-тен астам кәсіпкер Павлодардан Успен ауданына шығатын жолда автобус аялдамасын орнатуды сұраған. Шағын кәсіпорындарда 300-ден астам адам жұмыс істейді, олардың көлікті күту кезіндегі қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдан кейін жол белгілері пайда болды, аялдама павильонын орнатуға ақша бөлінді.

Павалодарда Успен ауданына баратын жолда 25 кәсіпкер аялдама салуды сұрайды. Шағын кәсіпорындарда 300-ден астам адам жұмыс істейді, олардың көлікті күту кезіндегі қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, аялдама повильонын орнатуға ақша бөлінді. 

– Аққулы ауданында тұрақтандыру қорынан әлеуметтік бағамен азық-түлік жеткізуді көздеген кәсіпкерлер тобы жүгінді. Ол үшін оларды «Павлодар» ӘКК-мен шарт жасасуға құқығы бар бизнес субъектілерінің тізіміне қосу қажет болды, – деп атап өтті Дархан Құрақбаев.

Аудан әкімдігі мен ӘКК арасында бұған құқығы бар кәсіпкерлер санын шектеу туралы ауызша келісім болған. Бірақ бұл заңсыз екені белгілі. Мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  араласқаннан кейін шешілген.