Павлодарда мерекелік жәрмеңкелер өтті

Павлодарда мерекелік жәрмеңкелер өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Республика күніне орай алты шағын ауданда мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің айтуынша, іс-шара облыс әкімнің тапсырмасымен ұйымдастырылды. Жәрмеңкелерде павлодарлықтар мен қала қонақтары тұрақтандыру қоры мен жергілікті тауар өндірушілердің қолжетімді әрі сапалы өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сауда қатарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері – ет, сүт, көкөніс, жарма, май, бал және басқа да қажетті тауарлар ұсынылды.

Жәрмеңкелер «Достық», «Усольский», «Химгородок», «Ласточка»,«Диспетчерская», «Екінші Павлодар» шағын аудандарда өтті. 

Іс-шара жылы және мерекелік көңіл күйде өтті. Қала тұрғындары ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалап, отандық өндірушілердің өнім сапасына оң пікір білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)