Павлодарда тас өңдейтін кәсіпкер мемлекеттің қолдауымен жер телімін сатып алды
2018 жылдан бері жеке кәсіпкер «Даму-Өндіріс» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауды пайдаланып келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бизнеске субсидиялар мен кепілдіктер, сондай-ақ әріптестік ұйымдар арқылы жеңілдікпен кредит беру арқылы қолдау көрсетеді. Бұл болашақта тауарлардың импортты алмастырып, бәсекеге түсе алуына оң әсер етеді, тіпті, экспортқа шығуына мүмкіндік береді.
Мұндай мүмкіндікті тасты кесіп, өңдейтін «Тас галереясы» компаниясына да пайдаланған. Компанияның негізін қалаушы Латифолла Өміровтің айтуынша, 2018 жылдан бері жеке кәсіпкер «Даму-Өндіріс» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауды пайдаланған. Компания сапалы өнім шығарумен қатар, бизнесін де белсенді дамытып келеді.
Осылайша 2022 жылы тасты кесу мен өңдеуге арналған жаңа өндірістік ғимарат сатып алған. Ол үшін «Қазақстанның халық банкі» АҚ-нан жылдық ставкасы алты пайызбен 15 миллион теңге несие алған. «Даму» қорының қолдауымен 6 107 900 теңге көлемінде кепілдік берілген.
– Біздің мекеме 12 жыл бойы жоғары сапалы граниттен ескерткіштерді жасау қызметін көрсетіп келеді. Сонымен қатар, дәнекерленген және соғылған қоршаулар, маңдайшалар, вазалар және өзге діни бұйымдарды дайындаумен айналысамыз. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бізге учаске сатып алуға көмектесті, – дейді кәсіпкер.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта компанияда жеті қызметкер жұмыс істейді. Шикізат Қытайдан, Ресейден, Үндістаннан және Италиядан сатып алынады.
«Тас галереясы» компаниясы жеке дизайнды әзірлеуден бастап, ескерткіш монтажына дейін жұмыстың барлық кезеңдерін орындайды. Әзірге толық жабдықталмаған. Компьютердің көмегімен фотосуреттер арнайы машинада өңделеді. Инені ұру арқылы портрет немесе сурет пайда болады.
Айта кетейік, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша несиелердің жалпы құны 46 миллиард теңге болатын 420 жобаны субсидиялау келісімшарттарына қол қойылды. Барлығы «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бойынша жүзеге асырылды.
Кепілдендіру бөлігі бойынша несиелердің жалпы құны 12,2 миллиард теңге болатын 267 жоба бойынша келісімдер жасалды. Олардың қатарында ауылшаруашылық саласының кәсіпкерлеріне арналған «Кең дала-2» тиімді несие бағдарламасы бар.